Средняя общеобразовательная школа №66 города Актобе

Обучение учащихся ведётся по Рабочем у учебному плану, разработанному на основе ГОСО, утверждённого Постановлением правительства Республики Казахстан от 23.08.2012г №1080, учебным программам, утверждённым приказом МОН РК №115 от 3 апреля 2013 года, а также учебных программ в рамках обновления содержания среднего образования Республики Казахстан, 2016 г

№66 ЖББОМ ұйымдастырушы-педагогтың жүргізілген жылдық жұмысының есебі

Мектепішілік «Ұстаз-ұлы тұлға» атты ұстаздар күніне арналған мерекелік концерттің өткізілгендігі жөнінде анықтама

Ш.Құдайбердіұлы атындағы № 66 ЖББО мектепте «Ұстаз- ұлы тұлға» атты ұстаздар күніне арналған мерекелік концерт өтті. Концертте бастауыш класс мұғалімдері. Жас мұғалімдер және орта буын мұғалімдер өнер көрсетті. Концерттің мақсаты ұстаздарға мерекелік көңіл-күй сыйлап, ұстаздарды тағы да бір қырынан ашу. Кеште Мектеп директоры, директор орынбасарлары және кәсіподақ төрайымы құттықтау сөз сөйледі. Концерт өз деңгейінде өтті. Бастауыш класс мұғалімдері «Жалқаубек» көрініс қойып, ал жас мамандарымыз «Испан» биімен концертті шырайландыра түсті. Орта буын өкілдері белгілі бір әншілерге пародия жасап және «Тақиялы періште» киносына пародия жасады. Тағы да басқа жас мұғалімдер шарықтатып әсем әнмен шарықтатты.

Мектепішілік «КҮЗ-БЕРЕКЕ, КҮЗ-МЕРЕКЕ» атты оқушылар арасында қабырға газеттерін шығару және сурет салу байқауы өткені жөнінде анықтама

Ш.Құдайбердіұлы атындағы № 66 ЖББО мектепте  қазан айында бастауыш оқушылары арасында «Күз- береке, күз-мереке» атты сурет көрмесі және дәл осындай мәтінде 5-7класс оқушылары арасында қабырға газеттерін салу байқауы өтті. Аталған іс-шараға оқушылар белсенділік көрсетіп, өз дәрежелерінде сурет салып, қабырға газеттерін мектеп ішіне ілді. Мақсаты оқушыларды әр жыл мезгілі жайлы толық меңгеріп, күздің ерекшеліктерін байқауға бағыттау. Және сурет салу арқылы бірнеше ойды жеткізе білуге үйрету. Жақсы сурет салған оқушылар мен Үздік қабырға газетін шығарған класс мақтау қағазымен марапатталды.

Мектепішілік «Алтын күз» атты класс аралық сайыс өткізілгені туралы анықтама

Ш.Құдайбердіұлы атындағы № 66 ЖББО мектепте қазан айында  «Алтын күз» атты 8-10 класс оқушылары арасында сайыс өтті. Сайыстың мақсаты күз айындағы түрлі өзгерістерді оқушылардың өнері арқылы дәріптеу. Сайыстың кезеңдері таныстыру, күз тақырыбында сұрақтар, күздің ерекшеліктерін көрсету арқылы дефиле, күзгі дәнді дақылдардан ас мәзірі және өз өнерлерін көрсету. Аталған класс оқушылары белсене қатысып,  9 «а» класс оқушылары ерекшеліктерімен жеңіске жетті. Барлық қатысушылар мақтау қағазымен марапатталды.

Мектепішілік «Күз ханшайымы» атты класс аралық сайыс өткізілгені туралы анықтама

Ш.Құдайбердіұлы атындағы № 66 ЖББО мектепте қазан айында  «Күз ханшайымы» атты 5-7 класс оқушылары арасында сайыс өтті. Сайыстың мақсаты күз айындағы түрлі өзгерістерді оқушылардың өнері арқылы дәріптеу. Күздің сұлулығын ханшайымдарымыз арқылы көрсету. Сайыстың кезеңдері таныстыру, күз тақырыбында сұрақтар, күздің ерекшеліктерін көрсету арқылы дефиле, күзгі дәнді дақылдардан ас мәзірі және өз өнерлерін көрсету. Аталған класс оқушылары белсене қатысып,  7 класс оқушысы ерекшелігімен жеңіске жетті. Барлық қатысушылар мақтау қағазымен марапатталды.

Мектепішілік «Жемқорлыққа жол жоқ» атты 5-11 класс аралығында жиын өткізілгені туралы анықтама

Ш.Құдайбердіұлы атындағы № 66 ЖББО мектепте қазан айында  «Жемқорлыққа жол жоқ» атты 5-11 класс оқушыларының қатысуымен  жиын өтті. Мақсаты: “Сыбайлас-жемқорлық” деген ұғымды түсіндіріп, пайда болу    жағдайлары жайлы түсінік  қалыптастыру.Өз көзқарастарын білдіріп, дүниетанымдарын кеңейту. Өз ойларын еркін жеткізе білу қабілеттерін дамыту.Өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу. Патриоттық тәрбие қалыптастыру. Жиында оқушылар әр түрлі оқиғалардан құралған сыбайлас жемқорлық тақырыбында видеороликтер көріп, сараптама жасады. Жемқорлық орын алған жағдайда қандай қылмыстық іс қозғалаты туралы заңдармен таныстырылды. Және тренинг өтіп, әр түрлі сұрақтарға жауап беру арқылы өз-өздерін сыбайлас жемқорлықтан алыс жүретіндерін айтып, қалай болдырмау жайында пікір талас өтті.